jasqazaq.kz

Беларустегі президент сайлауының қорытындысы жарияланды

15 тамыз 2020, 11:22

Беларус елінің қазіргі президенті Александр Лукашенкоға республика халқының 80,1%-і дауыс берді, ал Светлана Тихановская 10,12% дауыс жинады, деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша, Лукашенко алтыншы рет мемлекет басшысы болып қайта сайланды.

Президент сайлауы 9 тамызда өтті.

Светлана Тихановская орталық сайлау комиссиясына шағымданып, нәтижелерді мойындамайтынын айтты. Себебі біріккен штабтың жекелеген учаскелердегі дауыс беру нәтижелері туралы мәліметтер дауыс берушілердің жартысынан көбі Тихановскаяға дауыс бергенін көрсетті.

Беларус еліндегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай наразылық басталды. Наразылық акциясының жалғасып жатқанына алты күн болды, оларды қауіпсіздік күштері басып жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, тәртіпсіздіктер кезінде алты мыңға жуық адам ұсталды. Республиканың ІІМ жүздеген адамның зардап шеккенін, оның ішінде 103 құқық қорғау органдарының қызметкері бар екенін хабарлады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия