
Беларусьте президент сайлауы басталды.Бұл туралы TUT.by сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
Сайлау учаскелері Минск уақытымен 8.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 11.00) ашылды.
9 тамыз — Беларусь президенті сайлауындағы негізгі дауыс беру күні. Бұған дейін елде мерзімінен бұрын дауыс беру өткен, төрт күн ішінде сайлаушылар көрсеткіші (ОСК мәліметі бойынша) 32,24 пайызға жетты.
Бес кандидат президенттікке үміткер: Андрей Дмитриев, Анна Канопацкая, Светлана Тихановская, Сергей Черечень және Александр Лукашенко.
Сайлау кампаниясымен қатар оппозиция өкілдері ұсталып жатыр, сондай-ақ Минскіде және басқа қалаларда санкцияланбаған наразылық акциялары өтіп жатыр.