jasqazaq.kz

Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді

24 қазан 2021, 15:33

Беларусьте коронавирустың жаңа штамы тіркелді. Бұл туралы Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас санитарлық дәрігер Александр Тарасенко «Беларусь 1» телеарнасында мәлім етті. Бұл туралы   Белта агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі кезде көбіне дельта-штамм анықталып жатыр, алайда қыркүйектің басынан бері біз вирустың дельта лайт штамын байқай бастадық. Әзірге екеуінің арасында қатты айырмашылықты көрмедік, ондай жағдайлар аз», — деді Александр Тарасенко.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вирус адамнан адамға бұрынғыдан да тезірек жұғады.

«Бұрын вирус 15 минут және одан көп уақыт ішінде жұғатынын айтқан едік, жаңа штаммды жұқтыру үшін ауырған адамның қасында екі минут қалу да жеткілікті», — деді ол.

Одан бөлек, көбіне аталған дертке көбіне 30-49 жас аралығындағы жастар шалдығып жатыр.

«Минскіде, басқа өңірлерге қарағанда, вирус жұқтырып жатқандардың басым бөлігі – 18-29 жастағы азаматтар», — деп қосты Александр Тарасенко.

Аурудың клиникалық көрінісінде айырмашылықтар бар. Атап айтқанда, бұрын аурудың ауыр кезі 7-8-ші күн болса, қазір ол 3-4-ші күнге келеді.

«Делта-штамм бәрібір ауруға өзгерістер енгізіп жатыр», — деп нақтылады Тарасенко.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр