jasqazaq.kz

Беларусь: Президент көз жұмса, бүкіл билік Қауіпсіздік кеңесіне өтеді

09 мамыр 2021, 23:52

Беларусь президенті Александр Лукашенко 9 мамыр күні «Егемендік және конституциялық құрылымды қорғау жөніндегі» Декретке қол қойды. Бұл туралы ел президентінің баспасөз қызметі xабарлады.

Құжатта мемлекет басшысы қастандық, лаңкестік әрекет, сыртқы агрессия салдары немесе өзге де күш қолдану нәтижесінде ажал құшқан жағдайда елді басқару билігі Қауіпсіздік кеңесінің құзырына өтетіні айтылған. Бұған сәйкес барлық мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалар аталған органның шешімі негізінде әрекет етеді. Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде елдің премьер-министрі төраға болады.

Қауіпсіздік кеңесінің шешімі барлық жерде мүлтіксіз орындалуы тиіс. Негізгі мәселе ретінде елде сайлау өткізу жайы қаралады. Қауіпсіздік кеңесі саяси науқанды облыс басшыларымен бірге ұйымдкстырады.
Аталған құжат қол қойылған күнен бастап күшіне енеді.

Айта кеткен жөн, А. Лукашенко өткен айда сыртқы күштердің қолдауымен өзіне қарсы қастандық ұйымдастырмақшы болғандардың тұтқынға алынғанын xабарлап еді.

Jas Qazaq — Aqparat

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия