jasqazaq.kz

Беларус елінің үкіметі отставкаға кетті

17 тамыз 2020, 14:44

Беларус елінің үкіметі отставкаға кетті.

Ұлттық заңнама интернет-порталының хабарлауынша, бұл жағдай Министрлер Кеңесінің 15 тамыздағы № 480 қаулысында қарастырылған. Құжатқа сәйкес, Конституцияның 106-бабы, «Беларус Республикасының Министрлер Кеңесі туралы» 2008 жылғы 23 шілдедегі № 424-З заңының 9-бабы бойынша Беларус үкіметі президент жаңадан сайланған соң өз өкілеттігін доғарды. Шешім қабылданған күннен бастап өз күшіне енеді, деп хабарлайды БЕЛТА.
Бұған дейін мемлекет басшысы Александр Лукашенко үкіметтің одан әрі қарай жұмыс істеуі үшін құжаттарды дереу дайындауды тапсырған болатын. Содан кейін президент негізінен үкімет қайта жасақталғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол кейбір күтпеген жағдай болуы мүмкін екенін айтты.

2020 жылы Александр Лукашенко алтыншы рет сайланды және ресми мәліметтер бойынша, ол сайлаудың бірінші кезеңінде-ақ жеңіске жетті. Кейбір азаматтардың пікірінше, дауыс беру нәтижелері жаппай бұрмаланған және іс жүзінде көпшілік президенттікке кандидат Светлана Тихановскаяға дауыс берді.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде