
Витесбкіде Димаш Құдайбергенді шығарып салған әнсүйер қауым оның ана тіліндегі — қазақша әнін орындады, деп хабарлайды zakon.kz.
Көңіл толқытар ұмтылмас сәттің видеосын Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Айта кетсек, Димаш Құдайберген «Славян базары» ХХХ фестиваліне құрметті қонақ әрі қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған еді. Биылғы байқаудың Гран-Приін жерлесіміз 22 жастағы әнші Рухия Байдүкенова иеленді. Кішкентай кезінен вокалмен айналысатын Рухия Талдықорған қаласының тумасы. Қазір ол Өнер институтында «эстрадалық вокал» факультетінің 3-курсында оқиды. Оның диапазоны бес октаваны құрайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram