jasqazaq.kz

Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионы болды

21 қыркүйек 2019, 23:27

Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы жеңімпаз болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 5:0 есебін жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Бекзат жекпе-жек басталған сәттен бастап, өзінің қарсыласынан бір бәс жоғары екенін көрсете білді. Естеріңізге сала кетейік, Нұрдәулетов жартылай финалда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы және Рио-2016 Олимпиада чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крустан басым түсті. Тіпті, жартылай финалдың екінші раундында Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунға жіберген болатын. Міне, отандасымыз осындай мықты қарсыластарының барлығын жолдан тайдырып, әлем чемпионы атанды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде