jasqazaq.kz

Бекшин: Науқастар санының артуы болжамға сәйкес келіп отыр

27 сәуiр 2021, 17:31

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайлы айтты.

Жыл басынан 26 сәуірге дейін қалада коронавирустың 33 230 жағдайы тіркелді. Былтыр 18,5 мың болған. Яғни, 1,8 есе артық. Өткен тәулікте 689 адам коронавирус жұқтырған. «Осы жылдың сәуір айында аурушаңдық болжамды түрде өсуін жалғастыруда. Эпидемияның даму серпіні 3-аптадағы писсемистік болжамға сәйкес келеді. Болжам бойынша 14 483 жағдай көзделген, ал сәуірдің алғашқы үш аптасында вирус жұқтырған 13 397 оқиғасы тіркелді. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдай қазір күрделі. Сол себепті шектеу шараларын жұмсартқан жоқпыз», — деді Жандарбек Бекшин. Сонымен қатар ол вирустың қазіргі даму динамикасында симптомы бар науқастар санының көбейгенін атап өтті. «Биылғы қаңтар айында симптоммен тіркелген науқастардың үлесі 73% болса, бүгінгі таңда ол 90%-ға жеткен. Бұл аурудың неғұрлым агрессивті қоздырғышының болуын растайды. Оған қоса вирустың мутацияланған штамдары пайда болды»,- деді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия