jasqazaq.kz

Бекшин: Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды, бірақ омикрон емес

23 желтоқсан 2021, 16:59

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин желтоқсанның басында коронавирус жұқтырған науқастардан алынған сынамалардан «дельта плюс» штамы табылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Брифинг барысында Бекшин желтоқсанның басында Алматыдан Нұр-Сұлтандағы зертханаға жіберілген 84 сынама ішінде секвенирлеу әдісімен тексеру нәтижесі бойынша алты сынамада «дельта плюс» нұсқасы анықталғанын мәлімдеді.

«Бұрын «дельта» штамының бұл нұсқасын анықтаған жоқпыз, бірақ күдіктендік. Қыркүйектен қазанға дейін науқастарда диарея жиі байқалды. Қараша-желтоқсанда клиникалық белгілер өзгеріп, нейротоксикалық белгілер пайда болды. Ол кезде дене қызуының жоғарылауы, комаға түсуге дейін науқас жағдайының нашарлауы, жадының әлсіреуі, мидың қабынуы байқалады. Сынамалар бар болса, белгілі бір штамның пайызы туралы зерттеу жүргіземіз. Бүгінде омикронға сынама жоқ, өйткені бұл жақында табылған инфекция», — деді Бекшин.

Алматы қаласы бас санитария дәрігерінің айтуынша, ауру жұқтырғандар арасында «дельта» штамы, «дельта плюс» және омикрон нұсқаларының үлес салмағын кейінірек, арнайы сараптамалар алынғаннан кейін анықтауға болады. Енді штамның болуын тек секвенирлеу арқылы анықтауға болады. Осы аптада Алматы қаласының санитарлық қызметі алыс-жақын шетелдерден келгендер арасынан сынама жібереді, бұл сынақтар нәтижесі кейінірек белгілі болады.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр