
Шетелге әскери техника саттық, оған Бекболат Тілеуханның қатысы бар» деген атышулы видеодағы адам күтпеген жерден мәлімдеме жасады және ол Бекболат Тілеуханның есімін біреулердің қысымымен атағанын мәлім етті.
Видеоны «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков facebook-тегі жеке парақшасына жариялады. Бұл туралы Caravan.kz хабарлады
Ондағы адам таяуда шыққан видеода айтылғандардың бәрі жалған екенін мәлімдейді.
«Видеода аты-жөні аталған адамдар өмірде жоқ, ешқандай мемлекеттік құрылымдарға қатысым жоқ. Бұның бәрін бірқатар адамдардың қысымымен айттым. Сондай-ақ Бекболат Тілеуханнан кешірім сұрағым келеді. Абройыңызға кір келтіргенім үшін мені кешіріңіз. Қайталап айтам, мұның барлығы жалған. Кешіріңіздер мені» делінген видеода.