jasqazaq.kz

Бекболат Тілеухан: Жаңа қызметке әбден ойланып-толғанып барып ауыстым

30 желтоқсан 2021, 12:59

Бекболат Тілеухан енді мәжіліс депутаты емес. Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Халық қалаулысы жауапты қызметтен өз еркімен бас тартыпты. Әріптестері оны марапаттап, қошеметпен шығарып салды.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

— Әріптесімізге бірлескен жұмысымыз үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да зор денсаулық, жаңа қызметте табыс тілейміз. Құрметті әріптестер арнайы дайындаған алғыс хатымыз бар. Соны тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Бекболат Тілеухан 2004 жылғы Мәжілістің үшінші шақырылымынан бастап төрт мәрте депутат боп сайланған. Оған дейін Президент оркестріне жетекшілік еткен. Енді Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт федерациясының вице-президенті қызметін атқарады. Экс-депутат Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығының да президенті болған. Ал халықаралық ұйымға Қазақстан 2019 жылдан бері толық мүше. Штаб-пәтері Түркияның Стамбұл қаласында орналасқан. Экс-депутат енді Нұр-Сұлтан, Стамбұл, Бакудың арасын жол қылып үш мемлекетте қатар жұмыс істейтінін мәлімдеді. «Парламенте жақсы жылдарым өтті» деген ол жаңа қызметке әбден ойланып-толғанып барып ауыстым дейді.

Бекболат Тілеухан:

— Ойланып істелген нәрсе ғой. Табанасты кеше, бүгін шешілген нәрсе емес. Қаншама ойландым. Жалпы анау енді түрік парламенті ассамблеясы кезінде болды ғой. 27-қыркүйекте. Сол кезде осындай ұсыныс келді. Шешімге сол кезде келдім.

 

Ktk.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр