jasqazaq.kz

Бекболат Тілеухан мәжілісте маңызды мәселені қозғады

05 ақпан 2020, 13:46

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан лотереяның жұмысына қатысты бірқатар мәселені көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутаттың айтуынша, қазір сауда үйлері мен дүкендерде, базарларда орнатылған лото терминалдарда жасқа шектеу жоқ.

«Кішкентай баладан бастап шалға дейін ойнау үшін кезекте тұрады. Мектеп жасындағы балалардың ойнап жатқанына ешкім назар аударып жатқан жоқ. Бақылап жатқан ешкім жоқ. Бұл балалар үшін өте қауіпті жағдай. Құмар ойындардың бастамасы осыдан», — деді Тілеухан мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, құмар ойындардың зардабы орасан зор, қаншама отбасы бұзылып жатыр.

«Мен бұған лотереяны кінәлап жатқан жоқпын, соған апаратын жол сияқты. Ұрпақты сақтандыру мақсатында айтып отырмын. Бұл әрекеттер қоғамға қауіп туғызатындықтан, қатаң түрде шектеу қою керек», — деп толықтырды депутат.
Мәжілісмен лото терминалдарда жас ерекшелігі ескерілген функциялар орнатылуы керек деп санайды.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде қаптап кеткен лотереялардың жұмысына да тоқталды.

«Қазір әлеуметтік желілердің дамыған заманы. Осы арқылы кітап, көлігін, пәтерін, тіпті үстіндегі көйлегіне дейін ойнатып жатқан азаматтарымыздың сауда-саттығы тым көбейіп кетті. Бұл заң бойынша коммерциялық мақсатта деп айтылатын шығар. Бірақ, лотерея болғаннан кейін ойнату тәртібі барлық жерде бірдей. Жалпы, ешкім ойнағанда, ұтыламын деп ойнамайды. Бәрі қызығып, үміттеніп ойынға қатысады. Бәрі бірдей ұтысқа ие бола алмайтыны анық. Қазір елдің жүйкесі жұқа. Бір-екі жыл ойнап, ештеңе ұтпаса, «қаншама ақшам зая кетті, ақшамды қайтар» деп алдыңа келіп тұрса, таңғалмаңыздар», — деді депутат.

Тілеухан ойынға қатысатындардың дені қарапайым халық екенін айтты.

«Осындай жағдайлардың алдын алу үшін коммерциялық мақсатта ойнатылатын лотереялардың жұмысын жүйелеуді ұсынамыз», — деп түйіндеді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия