jasqazaq.kz

Бекболат Тілеухан: Біржынысты неке тәрізді құбыжық құбылыстардан сақтайтын заң нормаларын енгізу керек

31 наурыз 2021, 16:15

8 наурызда Алматыда феминистердің ұйымдастыруымен өткен митинг тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шеру секілді көрінгенмен, шерудің мақсаты мүлде басқа арнаға бұрылып кетті. Мұндай пікірді Мәжілістің кезекті отырысында депутат Бекболат Тілеухан айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс депутаты көшеге шыққан қыз-келіншектердің кей ұранын сынға алып, ұлттық дүниетанымымызға қарсы келетіндігін алға тартты.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде жарыққа шыққан бейнелерді қарап отырмыз. Шеруге шыққандардың Алматы қаласы әкімдігіне берген өтінімде көрсетілген сұрақтардан басқа дүниетанымымызға, болмысымызға жат дүниелерді көтергені, тіпті, Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйымдардың (Көше партиясы) лозунгтарын көтергендердің болғанын байқап отырмыз. Белсенділердің сөйлеген сөздері бүкіл әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Ол видеоларды біздің балаларымыз да көреді. Бұл баршамыздың рухани құндылықтарымызға жасалған шабуыл деп түсінеміз», — деді халық қалаулысы.

Осылайша феминистердің әрекетіне теріс баға берген Бекболат Тілеухан Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.

«Алматыдағы шерудің заң талаптарына сай болған-болмағанын, экстремистік топтардың еркін алаңға шығуына қала әкімдігі жол берген-бермегеніне сараптама жасауды; балаларды зиянды ақпараттан қорғау бағытында жыныстық азшылық топтың азғындығы, біржынысты неке тәрізді құбыжық құбылыстардан сақтайтын заң нормаларын Парламентке енгізуді қарастыруды және жауабын ҚР заңдарында көрсетілген тәртіппен жазбаша беруіңізді сұраймын», — деді Тілеухан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия