jasqazaq.kz

Бекболат Тілеухан білім министріне: хатшың болуға дайынмын

21 қазан 2019, 14:02

Орта білім саласындағы проблемалар шешілсе, Білім министрінің көмекшісі болуға дайынмын. Парламент Мәжілісіндегі білім мәселесіне арналған Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеухан осылай мәім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Білім саласынан, оның ішінде орта білімнен маңызды мәселені көріп тұрғаным жоқ. Жасыратыны жоқ орта білімдегі сорақылық, оқулық мәселесі қоғамның титығына тиіп бітті. Бала түгілі ата-анасы түсінбейтін тақырып, шешілмейтін есеп қоғам тарапынан қандай сынға ұшыраса да міз баққан жүйе жоқ. Мазақ па, енжарлық па, оны түсінбедік. Бізде Конституция бойынша жалпы негізі білім алу ақысыз, бірақ жақсылап оқыту үшін репетитор жалдауға мәжбүр боламыз», — деді Бекболат Тілеухан. Сонымен қатар депутат салада білікті маман даярлау проблемаларына да тоқталды. «Бүгінгі білім жүйесін қарап отырсақ, құрдымға беттеп бара жатыр. Қай жағынан келсек те, сын көтермейді. Сондықтан жүйені түбегейлі қайта қарау керек. Оқулық шығару жүйесін, мұғалімдер даярлауды қайта қараған жөн. Асхат, жақсы жігітсің, азаматсың. Енді осы мәселелерге қажыр-қайратпен кірісейікші. Тап осы мәселе шешілетін болса, депутаттық мандатымды беріп, көмекші әрі хатшы болып баруға дайынмын», — деді Б. Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтқан сөзінде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда