jasqazaq.kz

Бекболат Тілеухан: Аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір ғана базасы болуы керек

14 сәуiр 2021, 12:53

Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бір әкеден тараған жандардың бір-бірне үйленуінің алдын алу үшін аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір ғана базасы болуы керектігін айтты.

«Ата-бабаларымыз салт-дəстүрді берік ұстанып, жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған. Жалпы алғанда, қан мәселесіне қай заманда да немқұрайлы қарамаған. Тіпті, арғы атасын білмегенді «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деп сөккен. Осы орайда экодонор мәселесін көтермекпін», — деп тоқталды депутат Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында.

Бұл тұрғыда ол заң бойынша 35 жасқа дейінгі ер адам анонимді түрде донор бола алатынын еске салды.

«Дені сау, дене бітімі қалыпты дамыған, генетикалық сараптамасы жақсы болса аталық ұрығын тапсыра алады. Қанша рет тапсырасыз өз еркіңіз. Шектеу жоқ. Анкетада жүзі, руы, бойы, салмағы, мамандығы көрсетіледі, болды. Кейіннен, каталогтан көңіліне қонған адамды таңдап алады. Статистикаға сенсек, жыл сайын тек бір клиникада дәл осы жолмен 70 бала дүниеге келеді екен. Бұл – ертең еліміздің түкпір-түкпіріндегі қаншама отбасында бір әкеден тарайтын біраз ұл-қыз бойжетіп, ержетіп шығады деген сөз. Одан көп болуы да мүмкін. Олар білместіктен бір-біріне үйленуі мүмкін. Бір әкеден тараған жандардың бір-бірне үйленуінің алдын алу үшін, ауру балалардың санын азайту үшін бұл мәселе өте маңызды деп ойлаймыз», — деді Б. Тілеухан.

Осы орайда ол болашақ ұрпақтың денсаулығын және тексіздіктен сақтау мақсатында тиісті ұсыныстар жасады.

«Қазақстан бойынша аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір ғана базасы болуы керек. Донорлар да тек сол орталыққа тапсырып, барлығы тек сол орталықтан ғана алып отыруды жүйелеу қажет. Екіншіден, бір реттен артық донор болуға рұқсат етпеу керек. Бір донордың ұрығын екі адамнан артыққа қолданбауды, барынша ашықтықты сақтауды қатаң түрде реттеуді ұсынамын», — деді Бекболат Тілеухан.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Фото: azattyq-ruhy.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия