jasqazaq.kz

Бек Нұрмағанбет бокстан Азия чемпионы атанды

26 сәуiр 2019, 15:40

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 81 келі салмақта бокстасқан Бек Нұрмағанбет ел қоржынына екінші алтын медаль салды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Отандасымыз ақтық сында Филиппин боксшысы Джон Нобель Марвинмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жартылай финалда, Нұрмағанбет қырғыз боксшысы Эркин Адылбек уулуын жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Айта кетейік, бұл бокстан Азия чемпионындағы Қазақстан құрамасының екінші алтын медальі. Бұған дейін, 75 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанған болатын. Алда аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтің өзбекстандық Баходир Жалоловпен жекпе-жегі бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде