jasqazaq.kz

Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтармай отыр

28 желтоқсан 2020, 21:18


Елді шулатқан «Бек Эйр» билет құнын қайтаруға да әлі құлықсыз. Жолаушылардың пайдасына шешілген сот шешімін әуе компаниясы пысқырмай отыр. Өйткені билет құнын кімнен дауларын білмей жүрген қарашаның саны азаятын емес. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алтын Ілиясова, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Маусым айында сот бізді жақтап билет құнын толық қайтару туралы шешім шығарды. Ал «Бек Эйр» «сіздерге қарыз емеспіз» деп басын ала қашты. Сот қағаздарының бәрі бір сот орындаушысында екен. Хабарласып анықтасақ, өздерінде тек 70-тен астам адамдікі бар екенін айтып, жұмыстарына 2 АЕК төлеу керек деп отыр. Осылайша сотта жеңсек те, әлі күнге дейін ақшамыз қолға тимеді. Бұл қалай сонда?

Басынан дау арылмаған «Бек Эйр» сот шешімі шықса да, жолаушылардың ақшасын қайтармай отыр. Ал алынған билеттердің жалпы сомасы 100 млн теңгеден асады. Әуе компаниясынан ақшасын қайтара алмай сенделгендер құжатын құшақтап еліміздің әр жерінде жүр. Бір жыл бұрын сатып алған билеттерінің түбіртегі әлі күнге дейін қолдарында. Қазір әр қалада әлеуметтік желілерден 100-ге жуық адамы бар чат ашып тастапты. Былтыр желтоқсанда болған ұшақ апатынан кейін әуе компаниясының қызметі тоқтатылған. Ал билет сатып алып қойған адамдар әлі құнын қайтара алмай сергелдеңге түскен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия