jasqazaq.kz

Bek Air ұшағынан зардап шеккендер Президентке хат жазған

24 қантар 2020, 17:17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Bek Air» ұшағыапатынан зардап шеккендерден өзіне хаттар түсіп жатқаны туралы айтты.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Жақында елімізде әуе апаты болғанын барлығы біледі. Маған осыған байланысты зардап шеккендерден әлі де хаттар түсіп жатыр. Айтуларынша, олар әлі ақшалай өтемақыны ала алмай жатқан көрінеді. Жұмысқа жарамсыз жағдайда қалғандары, ауруханада жатқандары бар. Осыған байланысты қандай шаралар атқарылып жатыр», — деген Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярға қарата айтқан сөзінде.

Өз кезегінде Роман Скляр көз жұмғандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден көмек көрсетілгенін жеткізді. Сонымен бірге, ұшақта болғандардың бәрі де сақтандыру компаниясы арқылы тиісті көмектер берілмек.

«Жуық арада төлемдер жүргізіледі. Қажетті құжаттардың бәрі ресімделді», — деді ол.

Өз кезегінде Президент «аман қалған, бірақ зардап шегіп, жұмысқа жарамсыз болып қалған адамдардың жайы не болды?» деп сұрады.

«Жалпы, 52 адам зардап шеккен болатын. Оларға жергілікті атқарушы органдар мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмек көрсетеді», — деді Роман Скляр. Президент өз сөзінде бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық