jasqazaq.kz

Bek air ұшағы құлаған үй иесін тағы сотқа берді

10 желтоқсан 2020, 22:51

ek

Қыр соңынан қалар емес! Bek air өзіне тиесілі ұшақ құлаған үйдің иесін екінші қайтара сотқа берді. Компания бұл жолы Решет Қалибектің баспанасын заңсыз деп тауып, оны сүруді талап еткен. Алайда Талғар аудандық сотының судьясы әуе қомпаниясының шағымын бұл жолы да қанағаттандырған жоқ. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпан айында да Bek air әуежай маңында салынған үйдің иесін сотқа берген еді. Сол кезде Решет Қалибек әуе компаниясына қарсы арыз берген. Алайда сәуірде азаматтық істің екеуі де тоқтатылған. Себебі, судья алдымен жантүршігерлік апатқа байланысты қозғалған қылмыстық істер бітуі керек деген-ді. Сот бұл жолы да сондай шешім қабылдады.

Ұшақ апаты былтыр 27-желтоқсанда болды. Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған жолаушыға лық толы «Фоккер 100» қажетті биіктікке көтеріле алмай, Гүлдала ауылындағы жеке үйлердің біріне барып соғылған. Қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін Bek air-дің ұшақтары көкке көтерілген емес. Әуе компаниясы күні кеше лицензиясынан да түбегейлі айырылды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия