jasqazaq.kz

Bek Air ұшағы апатынан кейін емделген соңғы жолаушы ауруханадан шығарылды

07 наурыз 2020, 14:03

Алматы маңында Bek Air ұшағының апаты кезінде зардап шеккен жолаушы ауруханадан шықты. Ол апаттан кейін ем-дом қабылдап жатқан соңғы жолаушы болатын.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 наурызда ол №4 қалалық клиникалық ауруханадан шығарылды.

Дәулет клиникаға жедел жәрдем бригадасымен 2019 жылғы 27 желтоқсанда жеткізіліп, стационарда тура 70 тәулік болды. Оған 8 хирургиялық ем-дом шаралары жасалды.

«Алған жараларынан сауыққаннан кейін, ол амбулаторлық емделуге ауыстырылды. Ол тұрақты бақылауда болады», — деді №4 Қалалық клиникалық ауруханасы асқынған жарақат және іріңді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рафаэль Гайсин.

Дәулет күрделі емдеу шараларымен қамтылды. Дәрігерлер оның аяғын сақтап қалу үшін барлық қажетті әрекеттерді жасады. Көптеген күрделі операциялар жүргізіліп, Дәулет екі айдан астам уақыт ауруханада болды.

«Дәрігерлерге үлкен алғысымды жеткізгім келеді, олар менің жақын бауырларымдай болып кетті. Бұл адамдар мені аяққа тұрғызуға бар-күш жігерін салды. Бізде осындай білікті хирургтер бар екеніне қуаныштымын», — деді Дәулет.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді