jasqazaq.kz

Bek Air сертификатынан айырылды

17 сәуiр 2020, 16:38

Қазақстанның авиация әкімшілігі «Бэк Эйр» АҚ-ның пайдаланушы және әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарын қайтарып алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның 12 бабының 5-тармағына, 16-9 бабы 2-тармағының 10 тармақшасына сәйкес, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жіберген кемшіліктерді жою туралы нұсқауларды орындамауына байланысты «Бек Эйр» АҚ-ның пайдаланушы сертификаты кері қайтарып алынды. Сондай-ақ, «Бек Эйр» АҚ-ның 9 Fokker әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылды.

Пайдаланушы және жоғарыда көрсетілген әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттырын алу үшін әуе компаниясы қайтадан толық сертификаттау рәсімінен өтуі қажет»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда осыған дейін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп «Бек Эйр» әуе компаниясының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтарды анықталғандығы айтылған.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі