jasqazaq.kz

Bek Air бортымен сөйлесудің жазбасы пайда болды (видео)

27 желтоқсан 2019, 16:40

РЕН ТВ арнасының иелігінде диспетчерлермен бүгін таңда Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 жолаушылар лайнерімен сөйлесуінің жазбасы пайда болды.

Сөйлесуден әуе кемесінің ұшуға штаттық режимде дайындалғаны байқалады. Диспетчерлер Fokker 100 ұшағына ұшу-қону жолағына бұрып, ұшуға рұқсат берген, содан кейін олармен байланыс үзілген.

Сондай-ақ, ұшу-қону жолағына Нұр-Сұлтанға дейін баратын Air Astana әуекомпаниясының 671 рейсінің басқа ұшағы келуі тиіс еді. Әуежай қызметкерлері оларды күте тұруын сұраған: Fokker ұшағының қайда екені анықталмаған.

Диспетчерлермен экипаждың соңғы сөйлесуінің жазбасы:

«БекЭйр 2100, жел 040 градус, 05 оң жақ, ұшуға рұқсат беремін», — дейді диспетчер.

«05 оң жақ, 2100, күніңіз сәтті өтсін!» — деп жауап береді ұшқыш.

«Жолыңыз болсын!» — деп қоштасады мұнара.

Сосын диспетчер бірнеше рет ұшып шыққан бортқа нәтижесіз хабарласады:

«БекЭйр 2100, Алматы-Мұнара»…

«БекЭйр 2100, Алматы-Мұнара»…

«БекЭйр 2100, Алматы-Айналыңыз»…

Байланысу нәтижесіз болған соң, диспетчер басқа лайнерлердің ұшқыштарына ескертеді.

«Astana 671, біз Fokker 100 ұшағы қайда екенін білмейміз».

Сосын дабыл қосылады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде