jasqazaq.kz

Бейтаныс жігіт көшеде қызды IPhone үшін соққыға жықты (видео)

23 тамыз 2018, 16:39


Бойжеткенге тапа-тал түсте жұдырық ала жүгірген жігіттің видеосы Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған. Бейнежазбадан бейтаныс азаматтың көшеде кетіп бара жатқан қызға еш себепсіз төмпештей кеткенін анық көруге болады. 

 NUR.KZ. жазғандай, онда бейтаныс жігіт бойжеткенді алдымен бетінен ұрып, кейін жерге алып жығады. Ол аздай қолындағы шарларын тартып алмақ болады. Алайда, екібастұздық ару ер-азаматтың шарды тартып алмақ болған әрекетіне бой бермей, оны уысынан щығармауға тырысады. Осы әрекеті үшін ер адам оны тағы бірнеше рет ұрады. Ақырында алаяқ қыздың қолындағы шарды ұрлап алып, оқиға орын алған жерден тайып тұрады.

Кейін Павлодар облысы ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлағандай, алаяқ арудың қолындағы шарға емес, Iphone 7 телефонына қызығыпты. «Аталған іске қатысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екібастұз қаласы тұрғынының қолынан «IPhone 7″ телефонын ұрлап әкеткен»,-деді мамандар.

Полиция берген ақпаратқа сәйкес, күдікті қазіргі таңда қамауға алыныпты. Ол Екібастұз қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шыққан. Қазір ол қамауда отырған көрінеді. Аталған қылмысы үшін, ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Найден спустя 5 дней.Задержан

Публикация от Полезный Экибастузец (@poleznyi_ekibastuzets)

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді