jasqazaq.kz

Бейтаныс ер адам бетін қайтарған қызға жұдырық жұмсаған (видео)

11 мамыр 2020, 12:30

Қостанай қаласының тұрғыны Лаура Сүндет өзіне бейтаныс адамның қырындап, жақындамақ болғанын айтты. Ол оның бетін қайтарамын деп таяқ жеген. Полиция «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Лаура Сүндеттің айтуынша, ол 10 мамырда құрбысының үйіне қонаққа келген. Ол арада бейтаныс бір адам оған тиісе бастаған. Айтқанына көнбегенінде ер адам қыздың бетінен ұрған.

«Мен бұл мәселені көпшілікке жария еткім келетін себебі, ол маған физикалық және психикалық тұрғыда залал келтірді. Оның үстіне біздің ержүрек полициямыз соңында менің өзімді кінәлі етіп шығармасы үшін де осылай етуге мәжбүрмін. Егер біреу мені қорлап жатса, оған «жоқ» деп айтуға және әділеттілікке жүгінуге менің толықтай құқығым бар», — дейді ол видеода.

Қостанай облысы полиция қызметкерлері » Сексуальдық сипаттағы зорлық-зомбылық» бабына сәйкес, қызды қорлау және ұрып-соғу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу амалдары жасалуда.

Қостанай облысының ПД тергеу басқармасы қылмыстық істі тергеуді бақылауға алды. Сонымен қатар, бұл оқиғаға қатысушылардың барлығы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция қызметкерлері Лаура Сүндетке психологиялық қолдау көрсетеді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2020 (@ztb_video)

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия