jasqazaq.kz

Бейсен Құранбектің анасы қайтыс болды

26 маусым 2020, 12:25

Бейсен Құранбектің анасы Ямалиға ана 73 жасында дүние салды.

Танымал тележүргізуші, журналист Бейсен Құранбек қырық күн бұрын мәңгі фәниге аттанды. Анасы ұлының қырқы болардан бір күн көз жұмды.

26 маусым күні Бейсен Құранбектің өзінің туған ауылы Қызылжарда және 27 маусымда Талдықорғанда қырық күндігіне арнап ас берілмек болған еді. Алайда елімізде тараған індетке байланысты карантин талаптарын сақтау мақсатында қырық күндік асы берілмейтін болды. Бұл туралы марқұмның жақындары хабарлады.

«Өзгелерге де өзімізге де зиян келтірмес үшін қырық күндік асын беру туралы жоспарымыздан бас тартуға мәжбүрміз» дейді олар.

Бүгінгі күні Талдықорғанда құдайы тамақ берілуі тиіс еді. Амал нешік, әулет қайғы үстіне қайғы жамылды.

Желі қолданушылары қазаға қайғырып, қайырлы болсын айтып жатыр.

«Апаның жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын», «Алланың жазуы солай болып тұр», «Ана жүрек қазана көтере алмады, ұлының соңынан асықты», «Әзиз ана, ұлым дей алмай өткен екен, иманды болсын», «Иманы саламат болсын, иманы жолдас болсын, жақындарына сабыр берсін», «Екі адамынын айырылған әулетке Алла сабырлық берсін», — деп жазды олар.

stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия