jasqazaq.kz

Бейруттағы жарылыстан қаза болғандар саны 137 адамға жетті

06 тамыз 2020, 10:33

Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті. Бұл туралы Ливанның Денсаулдық сақтау министрлігі мәлім етті.Бұл туралы  Al Jazeera​​​​​ телеарнасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 5 мыңға жеткен. Ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен.

Бұған дейін 135 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Бейрут теңіз портының қоймасында сейсенбі күні жойқын жарылыс болған еді.

Ливан ІІМ мәліметі бойынша бұдан алты жыл бұрын кеден қызметтері тәркілеген қоймада сақталған 2,7 мың тоннадан астам аммиак селитрасының дәнекерлеу жұмыстары барысында жануы себеп болған.

Жарылыс толқыны ондаған үйлерді, автокөліктерді қиратып, жойған. Ел астанасының көптеген аудандарында үйлердің әйнектері сынған. 300 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.

Айта кетейік, осыған дейін Бейруттағы жарылыстан қаза болғандар саны 113 адамға жеткені хабарланды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия