jasqazaq.kz

Бейруттағы жарылыс: Қаза болғандар 113 адамға жетті

05 тамыз 2020, 22:47

Ливан құтқарушылары сейсенбі күні Бейрут портында орын алған жарылыстан кейін қираған ғимарат қирандылары астында тірі қалған адамдарды іздестіріп жатыр. Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны қазір 113 адамға жетті. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Жарылыстан мыңнан астам адам жарақат алып, ондаған мың адам баспанасыз қалды. Жерорта теңізіндегі Бейрут портынан шамамен 160 шақырым шалғайдағы Кипр аралындағы ғимараттардың да теңселіп кеткені хабарланды.

Шенеуніктердің айтуына қарағанда, жарылыс Бейрут портындағы жарылғыш материалдардың өте үлкен көлемі қауіпсіз жағдайда сақталған қоймада болған.

Қайғылы оқиға осыдан 30 жыл бұрын аяқталған азаматтық соғыстан кейін әлі күнге қайта қалпына келуді бастан кешіріп жатқан Бейруттың бүкіл тарихындағы ең қуатты жарылыс саналады. Бұған қоса, соңғы айларда Ливанда экономикалық дағдарыс ушығып, Covid-19 індетіне байланысты одан ары тереңдей түскен еді.

Ливан Президенті Мишель Аун халыққа жолдаған үндеуінде ел Үкіметтің «оқиғаны жіті тергеуге мүдделі екендігін және кінәлілер жауапқа тартылатындығын» айтты.

Reuters агенттігі дереккөзіне сүйене отырып хабарлауынша, 2014 жылдан бері материалдарды сақтау және қорғаумен айналысатын порт қызметкерлерін үй тұтқына алу туралы бұйрық берілген.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты аумағында жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зақым келген.

Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін кеңседен кетіп қалған. Консул жұмыста болғандықтан жарылыс толқыны кезінде жеңіл жарақат алды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесуі барысында Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өтініш білдірген еді.

Бұған дейін хабарлағандай, 5 тамыз күні Бейрут уақытымен сағат 00:30-да Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жеткенін, 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алғанын мәлімдеді.

Әлем елдерінің, халықаралық ұйымдардың басшылары мен премьер-министрлері Бейруттағы жарылысқа байланысты Ливан халқына көңіл айтып, шұғыл көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

5 тамыз күні жарылыстың неден шықаны анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы деп те аталайды) портта ұзақ уақыт сақталып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия