jasqazaq.kz

Бейруттағы наразылық кезінде зардап шеккендер саны 700-ден асты

10 тамыз 2020, 10:21

Бейрутта наразылық білдірушілер мен қарулы күштер арасындағы соқтығыстан зардап шеккендер саны 700-ден асты. Бұл туралы Катар телеарнасы «Әл-Джазира» мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін 490 адам зардап шеккені хабарланған. Олардың ішінде қауіпсіздік күштерінен кем дегенде 70 қызметкер бар, құқық қорғау органдарынан бір адам қайтыс болды.

Үкіметті отставкаға жіберу және реформалар жүргізу талаптары қойылған митингіге мыңдаған адам жиналды. Көп ұзамай ол жаппай қақтығыстарға ұласты.

Демонстрация қатысушылары сыртқы істер, энергетика, экономика және қоршаған орта министрліктерінің, сондай-ақ банктер қауымдастығының ғимараттарын басып алды. Адамдар полиция қызметкерлеріне тас пен петардалар лақтырды, ал олар жауап ретінде жас ағызатын газ гранаталарын қолданды.

Ливан астанасындағы қақтығыс кезінде үш мың тоннаға жуық аммиак селитрасы жарылған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғаса берді. Еске салайық, жарылыстан 150-ден астам адам қаза тапты, алты мыңға жуық адам зардап шекті, 300 мың тұрғын баспанасыз қалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия