jasqazaq.kz

Бейнебақылау камераларын таспен ұрып сындырған

27 қантар 2020, 15:01

Түркістан облысы, Кентау қаласында тұратын үш жігіт көшедегі бейне бақылау камераларын таспен ұрып сындырған. Үш камераны жарамсыз күйге түсіріп, мемлекетке 1,5 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Кентау қалалық полиция бөліміне Жаңа Иқан ауылының әкімінен арыз келіп түскен. Онда Шымкент пен Жаңа Иқан көшелерінің қиылысында орналасқан әкімшіктің қарамағындағы 3 жана жол қозғалысын бақылайтын бейнебақылау камераларын белгісіз азаматтар сындырып кеткені көрсетілген. Осы жәйтке қатысты іздестіру шараларын жүргізген полицейлер бұзақылық қылмысын жасаған күдіктілерді анықтады. Олар үш жергілікті тұрғын болып шықты. «Тергеу барысында күдіктілер қызық көру мақсатында, камераларды таспен атып сындырғандары белгілі болды. Олар өз кінәларын толық мойындап, ешқайда кетпеу туралы қол хат алынды. Қазіргі таңда аталған жайт Кентау ҚПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия