jasqazaq.kz

Бейіт басында кәуап пісірген адамдардың видеосы тарады

20 маусым 2019, 15:59

«Ішкі істер органдары жазған арыздарымды қараусыз қалдырды. Егер өліктердің ортасында кәуап пісіріп, тамақ ішіп, жынойнақ жасап жатсақ, мұсылман болып не үшін жүрміз?» — дейді Сандуғаш Дүйсенова.
Талдықорғанда бір топ азамат зираттардың ортасында кәуап пісіріп жүр. Бейіт басында осындай әрекет жасаған бейтаныс адамдардың видеосы желіге тарап, халықтың ашуын туғызды. Ең сорақысы, бейіт басын демалыс орнына айналдырып, кәуап дайындағандар бейнежазба бар болса да, кінәләрін мойындағысы келмейді. Ал полиция қызметі бастапқыда істі қысқартып тастап, видео желіге тарап, халықтың наразылығын тудырғаннан кейін қайта іс қозғапты, деп хабарлайды 31 арна.

Зираттың тазалығына жауапты Сандуғаш Дүйсенова екі моланың ортасында түтіндетіп, кәуап дайындап жатқандарды көргенде ашуға булыққан. Оның айтуынша, кәуап пісіргендер бейіт маңына зират алдындағы шлагбаумның құлпын сындырып кірген.

«Ішкі істер органдары жазған арыздарымды қараусыз қалдырды. Егер өліктердің ортасында кәуап пісіріп, тамақ ішіп, жынойнақ жасап жатсақ, мұсылман болып не үшін жүрміз?» — дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Ал зиратта бұрыннан бері тас орнатумен айналысамын деген азамат кәуап пісірмегендерін, ештеңені сындырмағандарын айтып, барлығын жоққа шығарды.
Сандуғаш Дүйсенова бейіт басындағы ұрлық пен вандализмге тосқауыл қою мақсатында зираттың кіре берісіне шлагбаумның жақында орнатылғанын айтады.

Алматы облыстық полиция департаменті бейіт басындағы шлагбаумды сындырғандардың үстінен бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу басталғанын хабарлады.

sn.kz

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда