jasqazaq.kz

Бейбіт Шүменов Түркістан облысының құрметті азаматы атанды

21 маусым 2018, 16:41

Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған жалғыз қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) «Түркістан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешімді облыс мәслихаты депутаттары бірауыздан қабылдады. Бұл атақ ел мен өңірге сіңірген ерекше еңбек үшін өмір бойына беріледі. Сонымен қоса, атақ өмірі 10 жылға өңірмен байланысты адамға ғана табысталады. Айта кетейік, Шүменов Шымкент қаласының тумасы, жақында облыс орталығы осы қаладан Түркістанға ауысты. Еске салайық, боксшының өзі қазір Астанада түркиялық боксшы Хизни Алтункайға (30-1, 17 КО) қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Бокс кеші 7 маусымда Елордада өтеді, бұл кездесуге алғашқы ауыр салмақтағы WBA (Regular) белбеуі тігіледі.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді