jasqazaq.kz

Бейбіт Атамқұлов: Көмір тапшылығы болмауы тиіс

23 маусым 2020, 14:11

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министір Бейбіт Атамқұлов әкімдіктермен бірлесіп халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
«2020-2021 жылғы жылыту маусымына дайындық мақсатында министрлік әкімдіктерге барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала нысандарын және тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау үшін жұмыс жоспарын жіберді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлер бойынша ай сайынғы қажеттілікті көрсете отырып, коммуналдық-тұрмыстық мақсатқа және халыққа арналған көмірдің қажеттілік жоспары жасалды. Жалпы, жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс», — деді министр Үкімет отырысында. Қыркүйек-қараша айларында ел дүрлікпеуі үшін әкімдіктермен бірлесіп халыққа арналған көмірді ертерек сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Биыл оқу жылы басталғанға дейін 10 мыңдай білім беру объектісін дайындау жоспарланған. Денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлердің дайындығына баса назар аударылады. 6 мыңдай денсаулық сақтау нысаны мен 47 мың тұрғын үйді дайындау көзделген», — деді ол.

inform.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі