jasqazaq.kz

Базардағы атыс. Оқ атқандар кімдер? (видео)

29 мамыр 2020, 16:04

Алматыда Алтынсарин мен Ұлықбек көшелерінің қиылысында орналасқан «Сарыарқа» базарында атыс болды.

Қала тұрғындары тапа тал түсте оқ атылғаны туралы әлеуметтік желіде жариялады.

«27 мамырда тапа тал түсте «Сарыарқа» базарында атыс болды. Ол көлік тұрағы үшін болған жанжалдан туындаған сияқты», — делінген хабарламада.

Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 27 мамырда түскі сағат 13:00 шамасында болған.

«102 нөміріне хабарлама түскен соң жедел тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Базар күзетшісі, тұрақ төлемін қабылдайтын қызметкер мен сауда орындарын жалға алған саудагерлер тұрақ ақысына қатысты сөзге келіп қалған. Даудың арты жанжалға ұласып, оқ атылған», — деді ПД баспасөз қызметі.

Полиция күдіктілерді бірден ұстаған.

«Бұл деректі Әуезов аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 293-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркеді. Газбен ататын тапанша тәркіленіп алынып, баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соған сәйкес жарақат алған адамдардың денсаулығына келтірілген зиян дәрежесі анықталатын болады», -деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия