jasqazaq.kz

Баянауылда өрт шықты (видео)

23 қыркүйек 2019, 10:02


Павлодар облысы Баянауыл ұлттық саябағының аумағында алапат өрт шықты.

Бұл туралы tengrinews.kz   хабарлады. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоларды әлеуметтік желілерде жариялап жатыр. Instagram желісіндегі ekibas_v_teme парақшасында «алапат өрттің аумағы тым орасан» және «елді мекенге жақындап келеді» деп жазылған. Жергілікті тұрғындар екінші тәулік бойы өз күшімен өртті сөндіріп жатыр, алайда жел бар еңбекті зая кетірді. Көмек керек», — делінген жазбада.

Ресми мәлімет бойынша, өрт 22 қыркүйекте күндіз шыққан. Орманды алқапта шөп пен ағаш өртенген. Өрт аумағы шамамен 2,5 гектар. Өрт сөндіруге 100 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылған. «Алапат өрт шыққаны туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға айтылды. Оқиға орнына Павлодар облысының әкімі барды. Сондай-ақ, өрт сөндіруге төрт арнайы техника қосымша жұмылдырылды», — деді облыстық әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты