jasqazaq.kz

Баянауылда бесінші күн қатарынан өртпен арпалысуда

18 шiлде 2019, 17:58

Баянауылда өрт шарпыған аумақта кеше, 17 шілде күні қатты дауылдың кесірінен жағдай күрделене түсіп, жалын қайтадан күшіне енген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ТЖ бойынша бас инспекторы Саят Қабдиев мәлім етті. «Өрт № № 73, 87, 63 учаскелерде шамамен 50 гектардан астам жерді қамтыған. 82 адам мен 30 шақты техника жұмыс істеп жатыр. Оның 11-і өрт сөндіру техникасы. Жағдай бақылауға алынған. Айтарлықтай үлкен ошақтар жоқ. Тұтанған жерлерді сумен сөндіріп жатырмыз. Таңертең қатты жел болды. Қазір тынышталды. Ешкім зардап шекпеді. Елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше екі тікұшақпен түске дейін жұмыс істесе, бүгін сыйымдылығы 2,5 текше еврокоптермен жердегі техникалар мен ашық жерлерге су құюда», — дейді Саят Қабдиев. Павлодар облысы ТЖ департаментінің ақпаратына сүйенсек, 16-17 шілдеде жағдайды мониторингілеу мақсатында МИ-2 тікұшағы өрт орнын әуеден барлаған. Өскемен қаласынан МИ-8 «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы және Көкшетау қаласынан ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-26 тікұшағы су төгу құрылғылары жұмылдырылды. Оқиға орнында барлығы 100-ден астам адам мен 30 шақты техника және 3 тікұшақ жұмыс істеді. Еске сала кетейік, аудан орталығынан он шақырым жерде тоғыз гектардан астам аумақ отқа оранған. Бұл таулы-орманды жерлер. Павлодар облысының әкімі қатты желге байланысты таулы аймақтан өрт шығуы ерекше жағдай екенін атап өтіп, өртті толық сөндіргенше және ауа температурасы түскенге дейін тәулік бойы кезекшілік жүргізуді тапсырған болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда