jasqazaq.kz

Баянауылда барымташылар сотталды

04 наурыз 2021, 13:12

Баянауыл ауданында барымташылар сотталды. Олардың бірінің мерзімі полицейге қауіп-қатер төндіргені үшін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Баянауыл аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, екі жергілікті тұрғын ірі және аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін сотталды. Сондай-ақ, олардың біріне билік өкіліне қатысты күш қолданды деген айып тағылды. Сот анықтағандай, 2018 жылдың 3 маусымында белгісіз тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы сотталғандардың бірі 5,6 млн теңгеге 18 жылқы ұрлаған. Ал 2019 жылдың 5 шілдесінде сотталғандар құны 2,6 млн теңге болатын жеті жылқыны ұрлап кеткен. 2019 жылдың 9 қыркүйегінде 18 жылқыны ұрлаған адам қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерінен жасырынуға тырысып, күш қолдану арқылы пышақпен қорқытқан. Прокурор оған қатысты ұрлық жасағаны және полиция қызметкеріне қауіп төндіргені үшін 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды, ал екінші мал ұрлығына қатысты бар адамға 3,5 жыл тағайындауды сұрады. Бірінші сотталушы кінәсін ішінара, ал екіншісі толық мойындады. Екеуі де өздерін бас бостандығынан айырмауды сұрады. — Нәтижесінде қылмыстың ауырлығы мен бірнеше рет жасалғанын ескере отырып, бірінші айыпталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал екіншісі жәбірленушіге келтірілген залалды толық өтегенін және бес баланы (олардың біреуі мүгедек) өзі жалғыз бағып отырғанын ескеріп, пробациялық бақылауды белгілей отырып, 4 жылға бас бостандығын шектеу тағайындалды, — делінген ведомство хабарламасында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия