jasqazaq.kz

Баянауыл көшелерін су басты (видео)

02 ақпан 2021, 15:52

Баянауыл ауданында орталық су мұнарасы істен шығып, көшелерге су жайылды.

Үйлерінен шыға алмай қалған тұрғындар редакциямызға хабарласып көмек сұрады. Олардың айтуынша, мұндай жағдай жаз мезгілінде де бірнеше рет қайталанған. Айта кету керек, ауданды орталық су жүйесімен қамтамасыз ететін маңызды нысан екі жыл бұрын қолданысқа берілген болатын.

Нұрбол, Баянауыл ауданының тұрғыны:

– Бұл енді бірінші рет болып жатқан жағдай емес. Жаздыгүндері де бірнеше рет болған. Ннді бұл қыстыгүні дұрыс емес деп ойлаймын. Тоқтамаса, мына үйлердің ішіне де қатты су кіру қаупі бар. Сол себепті бұған бір шара қолданса деген Баянауыл, осы Шәкен Айманов атындағы тұрғындардың бір мәселесі туындап тұр.

Ал жергілікті коммуналдық сала өкілдері апат салдарының жойылғанын хабарлады. Оқыс жағдайға су тазарту бекетіндегі автоматты құрылғының істен шығуы себеп болыпты. Осының кесірінен таза су сақталатын резервуарлар толып кеткен.

Руслан Авкубаев, қызмет көрсету мекемесінің өкілі:

– Таңғы сағат 5-тен 8-ге дейін біз апатты жағдайды толық қалпына келтірдік. Су құбырлары желісі қазір қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

24.kz

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты