jasqazaq.kz

Баян-Өлгейде 530 үйді су басып қалды

18 шiлде 2018, 15:12

Моңғолияның қазақтар көп қоныстанған Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбыр салдарынан су басқан үйдің саны 530-ға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат  Монцамэ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі кезде 530 үйді қызыл су алып кеткен. Үйсіз қалған 2512 тұрғын аймақтағы балабақша мен мектептердің ғимараттарына орналастырылып жатыр. Арнайы комиссиясының қорытындысына сәйкес, көптеген отбасылардың үйлері тұруға жарамсыз болып қалған. Апат салдарын жою жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Елдің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті табиғат апатының шығындарын есептеп, үйсіз қалғандарға көмектесуде. Еске сала кетейік, бұған дейін біз Баян-Өлгей аймағында нөсер жаңбыр салдарынан 275 үйді су алғаны туралы жазған болатынбыз.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді