jasqazaq.kz

Баян Мақсатқызының экс-жұбайы жазасын жеңілдетуді сұрады

23 сәуiр 2022, 12:25

Танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаев соттан жазасын жеңілдетуді сұрады. Бұл туралы Алматы облыстық соты хабарлады.

Бақытбек Есентаев Қапшағай маңындағы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі ерлер колониясында жатыр. Бұл аса ауыр қылмыс жасаған адамдар жазасын өтеп жатқан ең жоғары қауіпсіздік мекемесі. Баян Мақсатқызының бұрынғы жұбайы осыдан екі жыл бұрын жазасын жеңілдетуді сұрағаны таяуда ғана белгілі болды.

«2020 жылы сотталған Бақытбек Есентаев оған қатысты Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдану туралы, яғни «Жазаны өтеуді жеңілдету туралы» өтініш берді. Алайда сол жылдың 6 сәуірінде Қапшағай қалалық соты бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты», — деп хабарлады Алматы облыстық сотының өкілдері.

Бақытбек Есентаев оны орташа немесе ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыруды сұраған болуы керек.

Tengrinews.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр