jasqazaq.kz

Баян Мақсатқызы: Тойды мүмкін шетелде өткізе салармыз

11 желтоқсан 2017, 11:48


Өткен аптада продюсер Баян Мақсатқызы Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шығып, ресми түрде Алагөзова атанған еді. Алайда бұған дейін 1000 адамға дүркіретіп той жасаймыз деген жұп жақындарының ортасында некелерін ғана қиған еді. Мақсатқызы не себепті дүркіретіп той жасамағанын түсіндірді.

Бұл туралы “Отырар” басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.“Біз бұрыннан таныспыз, бірақ бір жылдай бұрын кездесе бастадық. Оны күн сайын жаңа қырынан танып келе жатырмын, мен үшін ол нағыз ер адамның үлгісі. Адамды ешқашан толықтай тану мүмкін емес, ол әртүрлі бола алады. Менің күйеуім де сондай. Бақытты болғанымызды қалаймын. Қазір Турсен де, мен де бақытымыз үшін бәрін жасап жатырмыз”, – деді Баян Алагөзова.  Бұдан кейін продюсер не себепті дүркіретіп той жасамағандарын түсіндірді.

“Қазір жұмысымыз көп, той біз үшін бірінші орында емес. Оның да жұмысы көп, менің де түсірілімдерім жеткілікті. Той туралы ойланып жатырмыз, әрине. Бірақ нақты емес. Бір айдан кейін шетелге ұшамыз, той мәселесін сол жақта шешеміз деп ойлаймын. Мүмкін шетелде өткізе салармыз”, – деп түсіндірді Баян Мақсатқызы Алагөзова.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды