jasqazaq.kz

Баян Мақсатқызы тойының не себепті кейінге қалдырылғанын айтты

05 шiлде 2017, 18:54

Баян Масқсатқызы баспасөз мәслихатында бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев туралы не ойлайтынын айтып, Тұрсынғали Алакөзовпен үйлену тойы жайында сөз қозғады.

Продюсер Баян Мақсатқызы «Баян. Обо мне и не только» атты кітабының жарыққа шығуына орай баспасөз мәслихатын өткізді. Ол бұрынғы күйеуі туралы не ойлайтынын айтып, Тұрсынғали Алакөзовпен үйлену тойы жайында әңгімеледі.

«Алғашқы жұбайыммен соңғы рет сөйлескен кезім дейсіз бе? Мен мұны соңғы рет деп есептемеймін, өйткені біз жау емеспіз, есікті тарс жауып тастаған жоқпын. Ақыл-есі түзу адам ретінде, екі баламыз бар екенін, олардың күнделікті сөйлесіп, хал-жағдайын сұрап, кездесіп тұратындарын ескерсек, қош айтыспай, араласып тұру жөн деп санаймын, сондықтан соңғы рет сөйлескен кезім жоқ. Сізге айтарым, біз бір-бірімізге тіл тигізген емеспіз, бірге өткізген 22 жылда ондай жайт болған емес, сол себепті онымен сабырлы, салиқалы түрде сөйлесуге шамам жетті», — деді ол бұрынғы күйеуімен сөйлескен сәті туралы.
Оның айтуынша, Тұрсынғали Алакөзов әлі ажыраспағандықтан, үйлену тойы кейінге қалдырылды.

«Заңнамаға сәйкес, тарап қарсылық білдірсе, жарты жылға дейін ажыраспауға болады, сол себепті сот талқылауы 16 тамызда өтеді, тағы ажырастырмай қойса, заңға қайшы келеді деген сөз», — деді ол.

sputniknews.kz

26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі