jasqazaq.kz

Баян Мақсатқызы күйеуін кешірді

19 қазан 2016, 16:39

14178016627699

Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болды деп айыпталып отырған күйеуі Бақытбек Есентаевты толықтай кешірді.

Бұл туралы Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысынан кейін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Баянның қорғаушысы Марат Асқарбеков мәлім етті.

Айта кетейік, адвокат Марат Асқарбеков Бақытбек Есентаевтың туған бажасы, яғни Баянның әпкесі Бәтестің жұбайы, танымал актриса, әнші Аша Матайдың әкесі.

Естеріңізге салсақ, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот процесі кеше, 18 қазан күні басталып, бүгін жалғасын тапты. Істі қарау жабық режімде өтіп жатыр. Оны Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Байжүнісов Берікжан Əбенұлы жүргізуде.

Б. Есентаевқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабының 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-бабының 1-бөлімі (зорлау) 121-бабының 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылған.

Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі