jasqazaq.kz

Баян Есентаева тұрмысқа махаббатсыз шыққанын мойындады (видео)

12 маусым 2017, 10:42

Танымал продюсер Баян Есентаева отандық блогер Ержан Рәшевке сұхбат беріп, өзінің өмірі жайында ашық айтып берді. Ол өзінің жазып жатқан кітабында Бақытбек Есентаевты сүймегенін айтты.

Сұхбат Рашевтің Facobook желісіндегі парақшасында тікелей эфирде болды деп хабарлайды.

Блогердің айтуынша, Баян өзінің кітабында Бақытбекке деген еш сезімі болмағанын, 22 жыл бойы махаббатсыз ғұмыр кешкенін айтты.

«Кітапта барлығы шынайы түрде жазылған. Мен барынша шынайы әрі ашық болуға тырыстым. Жалпы, мен өтірік айтуға жоқпын. Өмірімде орын алған жайттың барлығы да өтірік айта алмауымның салдарынан болды.

Көп адамдар маған ұрсып, «ақылдырақ бол, жұмсағырақ бол» деп жатады. Көптеген келіншектер тұрмыста болса да, түрлі әрекеттерге барады. Мұндай әйелдер көп, ал мен олай істей алмаймын.

Істей алмаймын, істегім келмейді де. Өз өзімді алдағым келмейді. Осы 22 жыл бойы бұрынғы күйеуіммен де барынша шынайы болуға тырыстым. 22 жыл бойы оның алдында арым таза болды», — деп ағынан жарылды Баян.

Ол ешкімді алдамағанын айтты.

«Бұрынғы күйеуім жар ретінде өте жақсы адам болды дегенім де өтірік емес. Қазір де сол пікірімде қаламын», — деді продюсер.

NUR.KZ

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық