jasqazaq.kz

Баян Алагөзова: Талғат Теменов 50 мың доллар талап етті

13 ақпан 2019, 11:56

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» атты фильм түсіремін деп дауға қалды. Кезінде өзінің жұлдызын жағып кино әлеміне жол ашқан режиссер Талғат Теменов оны сотқа берді. Мақсатқызы 7-арнаның «Гу-гу-лет» бағдарламасында болған оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ол кісіге звондап идеямды айттым. Жалғасын түсірейін дедім. Ол: — Проблема жоқ, мен, тіпті саған көмектесемін. Бәрі жақсы болады, — деді. Мен жұмысты жалғастырып кеттім. Кейін маған звондап: — Рұқсат бермеймін. Маған ақша керек. 50 мың доллар, — деді. Не болып қалғанын түсінбедім», — дейді Алагөзова.

Баян Мақсатқызы режиссердің бұл талабын орындай алмаған. Ол үшін жерде жатқан ақша жоқ. Сондықтан да ол басқа фильм түсіруге бел буған.

«Өз-өзіме айттым, жақсы, енді басқа кино, басқа хикая болады. Фильмнің атауы да, актерлер де, бәрі басқа болады. Музыка да болмайды. Бірінші фильмге қатысы жоқ басқа картина болады», — дейді Мақсатқызы.
«Тағдыр бекеті» фильмінде кезінде Баянмен бірге басты рөлді сомдаған актерлер бой көрсеткен. Әйткенмен Алагөзова хикая мүлде бөлек деп отыр. Мәселен, «Махаббат бекеті» картинасында Гүлназ қызды болады. Ал мұнда басқаша.

«Гүлназдың күйеуінің аты Жан болады. Ұл баласы бар, есімі — Ұлан. Бірінші фильмге қатысы жоқ. Бұл жаңа хикая, менің хикаям», — дейді Алагөзова.

Продюсердің айтуынша, Теменов мырза осыны біле тұра оны сотқа берген. Нәтижесін уақыт еншісіне қалдырайық.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда