jasqazaq.kz

Баян Алагөзова тағы да сынға қалды (видео)

27 шiлде 2020, 16:18

Баян Алагөзова қызына иттің майын ішкізгені үшін көпшіліктен сын естіді. Продюсер екінші қызы Айаруға иттің майы мен жылы сүт беріп, ем жасады. Көпшілік бұған әр түрлі пікір жазды.

Бұл туралы Алагөзова Инстаграм парақшасында жариялады.

Айару анасының қолын кері қайтарып, иттің майын жегісі келмегенімен анасы қолқалап қоймады. Жеуге міндеттеген соң қызы көнуге мәжбүр болды.

Баян Мақсатқызы мұның иттің майы мен сүт екенін ашық айтып, бұл туралы парақшасында өзі бөлісті.

Ал, желідегі көпшілік продюсерді сынай жөнелді. Бұның исламда харам екенін айтып жатыр. Бірі шынында да иттің майы ауруға ем ретінде көмектеседі деп жақтады.

«Иттің майын жегізгені несі? Орыс болып кеткен. Мұсылманда мұндай жоқ», «Иттің майы зиян, мұсылмандар жемейді, оған тыйым салынған», «Кей адам иттің майы көмектесті деп жатады ғой, шипасы бары рас шығар», «Жиіркенішті, жиіркенген нәрсені жеуге болмайды, керісінше ауру табады», «Иттің майын бүгін, ертең шошқаның майын жегізесің», деп шулады көпшілік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzii)

Ел арасында иттің майын ем ретінде жейтіндер бар. Енді бірі бұған мүлде қарсы. Корей медицинасы иттің етін ауруға қарсы ем ретіне көп қолданады. Оның туберкулез, малерия ауруларына шипа екенін айтады. Алайда өзге мамандар мұның шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Эпидемиолог Меруерт Оразованың айтуынша, иттен адамға эхинококкоз ауруы жұғу мүмкін. Бұл иттің ішегі арқылы жұғатын паразиттер. Ол адамның бауырына түсіп асқындырады дейді.

«Иттің еті, майын жеу дінімізде тыйым салынған. Себебі ит жаман нәрсені, нәжісті жейді. Ол медициналық тұрғыда да зиянды деп танылғандықтан шариғатта тыйым салады», — деді «Нұр-Астана» мешітінің ұстазы Ілияс Отаров.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия