jasqazaq.kz

Баян Алагөзова: Сұхбатты көрмедім, қазірдің өзінде күлкім келіп отыр

19 ақпан 2018, 17:43

Баян Алагөзова мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы дау әлі аяқталған жоқ. Алғашқыда әлеуметтік желі арқылы тартысқан қос бикеш енді телеарналарға сұхбат беріп, бір-біріне деген өкпе-назын айтып жүр. Өткен аптада Түсіпбаева тарихи фильм түсіруге Алагөзованың деңгейі жетпеген деп мәлімдеген еді.
Алайда 31 арнадан көрсетілген бұл сұхбаттан Алагөзова хабарсыз болып шықты. Ол “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Түсіпбаеваға қатысты пікірін білдірді.
“Бұл сүйкімді әйел еріксіз күлкі сыйлайды. Осы сәтті пайдалана отырып, оған сәттілік, жақсы әндер, сәтті рөл тілеймін. Мен ол сұхбатты көрмедім, бірақ қазірдің өзінде күлкім келіп отыр”, – деп пікір білдірді Мақсатқызы әншіге қатысты. Естеріңізде болса, дау-дамайға жақын жүретін Түсіпбаева былтыр дизайнер Жадомен соттасқан еді. Әншімен дауласып, біраз тәжірибе жинаған сәнгер Меруерт пен Баянның арасындағы кикілжіңге қатысты ойын айтты.
“Әрбір адам өз жұмысын істеу керек. Бұл жерде ештеңе айта алмаймын. Бірақ, менің ойымша, кино түсіру қиын. Сондықтан оған бірдеңе айтпас бұрын өзі солай жасап көру керек. Кино түсіріп, оған қанша қаражат кететінін білу керек”, – дейді Жадо.

Stan.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды