jasqazaq.kz

Баян Алагөзова: Шымкенттік күйеуден Құдай сақтасын

15 наурыз 2018, 16:17

Продюсер Баян Алагөзова Шымкент қаласында «Сиситай» фильмінің тұсаукесерінде сұхбат берді.

Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап caravan.kz хабарлайды.

Продюсер екінші некедегі жұбайы мен тойы жайында былай деді: «Тойды қарапайым атап өттік! Ол үнемі менімен бірге. Шымкент қаласына менімен бірге келді, үнемі қасымда жүргенін қалаймын, сол себепті менімен бірге жүр. Мен бақыттымын. Өзінің жұмысы көп болса да, менімен бірге келді. Бұл мен үшін өте қуанышты жағдай».

Әрине, тілші Баянның дау-жанжал тудыру танымалдылығын тілге тиек етпей кетпеді. Мысалға айтар болсам, сіз «Қазақстанның атына кір келтірді» немесе «Еліміздің мақтанышы» деп жазатындай соған сәйкес сұхбатты өзіңіз бересіз бе? Бұл сіздің көңіліңізге тимей ме?

— Мен ешкімнің назарын өзіме аударуға тырыспаймын, олар өздері мені тыныштыққа қоймайды. Мені Қазақстанның атына кір келтірді деп айтады, жоқ, олай емес мен үшін. Өз елімді жақсы көремін және ерсі қылық жасап жатқан жоқпын. Өзім жайлы айтылып жатқандарға көңіл аударып, мән бермеймін, оған жүйкем шыдамайды. Мен жайлы айтылып жүр, айтыла да береді», дейді продюсер.

— Мені мазаламауын, мен жайлы айтпауын өтініп сұрадым. Маған ешкім тиіспесе деймін, тыныш өмір сүргім келеді, деп сөзін жалғады.

Және де қарапайым әйел екенін, бәрінен шаршағанын, шымкенттікпен тұрмыс құруды қаламайтынын айтып өтті.

Гендерлік саясат жөнінде продюсер тек алға қарай ұмтылуды қалыпты жағдай санайды. Әлем өзгеруде, адам өзгеруде. Салт сананың ахуалынан шыға алмай жатқандар жайлы әңгіме қозғады. Әйел адамдардың заманына қарай өркендеуін қолдайтынын алға тартты.

Баян Алагөзова не себепті қазақша сөйлемейтінін баяндады:

— Туған тілім қазақ тілін білемін, өзіме орыс тілінде сөйлеу ыңғайлы, мен оңтүстік жақтың тумасы емеспін, яғни ол жақта тәрбиеленбедім. Мен өз елімнің патриотымын.

Баян фанаттарына қол хат бергенімен, көзінің жарақаты салдарынан бірге суретке түсуден бас тартқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде