
Продюсер Баян Алагөзова өзіне қатысты бірқатар айыптауларға жауап берді.
Ол өзінің көңіліне қатты тиетін желідегілердің сынына жауап беруді жөн көріпті.
«Менің оқырмандарым: «Сіз неге қазақша сөйлемейсіз», «Қазақша түк білмейді», «Орыс болып кеткен, қазақ емес» деген секілді көңілге тиетін түрлі сөз айтады. Құрметті, менің оқырмандарым, менің қазақшам жаман емес, жүрегім — қазақ, қаным — қазақ, әке-шешем — қазақ, Қазақстанымды, қазақ жерін жақсы көремін», — дейді ол видеода.
Видео Баян Алагөзованың парақшасында жарияланды.
zakon.kz