jasqazaq.kz

Баян Алагөзова күйеуінің соққысынан кейін көзінің әлі ауыратынын айтты

29 сәуiр 2019, 12:37

Продюсер Баян Алагөзова жиі қойылатын сұраққа жауап беріп, неге көзілдірігін шешпейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл жайлы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. Жұрттың көзіне көзілдіріксіз шыға бермейтін прдюсер құпиясын жасырмады. Оның айтуынша, зақымданған көзі жарыққа шыдай бермейді екен. Ал көзілдірік жарықтан қорғанудың жақсы жолы көрінеді.

«Жиі қойылатын сұраққа жауап бергім келеді. Неге мен үнемі көзілдірікпен жүремін? Өкінішке орай, зақымданған көзім күнге де, жасанды жарыққа да шыдамайды, қабынып, қолайсыз жағдай тудырады. Ал көзілдірік — қолайсыз жағдайлардан құтқарушы. Сұрақққа толық жауап бере алдым деп ойлаймын», — дейді продюсер.

Көзілдірік Баян Алагөзованың сұлулығына нұқсан келтірмейтінін, әдемілігі сол қалпында қала беретінін жарыса жазды оқырмандары.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде