
Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзовпен түскен суреттерін сирек жариялауы соңғы кездері Instagram оқырмандарына маза бермей жүрді. “Жарыңыз қайда?” “Суретін неге салмайтын болғансыз?” – осы сынды сауалдар танымал продюсерге жиі жолданатын, деп жазады Stan.kz.
Күні кеше Баян Мақсатқызы күйеуімен түскен суретін жариялап, екіұшты жазба қалдырды.
“Бақытты сәттерім үшім рақмет, болмай қалғаны өкінішті”, – деп жазған Мақсатқызы Instagram-дағы оқырмандарын алаңдатып қойды.
Продюсерді Алагөзовапен айырылысып кетті деп түсінген желі қолданушылары оған түрлі пікірлерін жаудырды.
“Өкінішті Баян, өте жарасымды жұп едіңіздер, мүмкін әлі де ойланып көресіздер?” – деп пікір білдірді Евгения есімді оқырман.